Президент Ердоған төрттік саммит туралы мәлімдеме жасады

Төрттік саммитте басшылар Сирияда соңғы жағдай мен коронавирус эпидемиясы тақырыптарын қолға алды.

1380218
Президент Ердоған төрттік саммит туралы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон арасындағы Сирия саммиті аяқталды.

Бүкіл әлемде іске қосылған коронавирус шаралары себепті видео конференция әдісімен жүзеге асқан саммитте 10 жылдан бері ішкі соғыстың ықпалындағы Сирияда соңғы жағдай қолға алынды.

Төрттік саммитте Сирияның Идлиб аймағына бағытталған гуманитарлық жәрдем әдістері, босқын мәселесі, Ливиядағы соңғы жағдай, коронавируспен күресте ортақ қозғалу мүмкіншіліктері Еуроодақтың жағдайы және Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары қолға алынды.

Саммитпен байланысты твиттер арқылы мәлімдеме жасаған президент Ердоған «Коронавируспен күрестен Идлибтегі гуманитарлық жағдайдан бастап, Сирия дағдарысын шешім жолдарына, босқын мәселесінен Түркия-ЕО қарым-қатынастарына дейін көптеген тақырыпты жан-жақты бағалауға мүмкіншілік таптық» деді.

Ердоған жиналыспен байланысты фотосуреттер бөліскен мәлімдемеде «Өңірлік және жаһандық деңгейде өтіп жатқан осы күрделі процесте біз дипломатия мен ынтымақтастық механизмдерін белсенді түрде қолданатын боламыз және проблемаларымызды тезірек шешуге күш саламыз» деді.

Саммитке қатысты бір мәлімдемеде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсоннан келді.

Премьер-министрлік офисінен «Нөмір 10-нан» жасалған жазбаша мәлімдемеде «Басшылар режим және жақтастары себеп болған бұл гуманитарлық дағдарысты Сирияда ел ішінде және Сирия шекараларынан тыс жерлерге адамдардың жаппай айдалуын айыптады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар