Босқындарды қарсы алу жөнінде Түркия барша әлемге үлгі

Галлери Түркияның әрбір аймағындағы босқындарға жасалған жұмыстарға риза болғанын білдірді.

1377037
Босқындарды қарсы алу жөнінде Түркия барша әлемге үлгі

Босқындарды қарсы алу жөнінде Түркия барша әлемге үлгі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисарының Басқармасы (БЖКБ) делегациясы Грекияның шекарасында күткен босқындармен кездесті.

БЖКБ Түркия өкілінің орынбасары Жан-Мари Гарелли мен делегаттар Еуропаға өту үшін Грекияның шекарасында күткен босқындармен кездесу өткізді.

Гарелли    одан кейін Эдирне облысы әкімінің орынбасары Юсуф Гүлермен кездесті.

Гүлер кездесуде түрік халқының кең пейілділігі және қонақжайлылығының бір үлгісінің де босқындар болған аймақта көрсетілгенін айтты.

Гүлер босқындардың гуманитарлық қажеттіліктері, тағамдары және медициналық қызметтерінің кемелді түрде қамтамасыз етілгенін түсіндірді. Гүлер «Босқындарды бомбалармен емес, адал ниетімізбен қарсы алудамыз. Оларға жәрдем беруге тырысудамыз» деді.

Галлери  де Түркияның әрбір аймағындағы босқындарға жасалған жұмыстарға риза болғанын білдірді.

Босқындарды қабылдаған көптеген елде жұмыс істегенін баяндаған Галлери  Түркияның барлықтарынан тіпті жақсы жұмыс істегенін және мақтауға лайық екенін айтты.

Галлери  «Босқындарды өте жақсы қарсы алған және босқындарға ең көп жәрдем берген елдің Түркия екенін өз көзіммен көрдім. Сіздер барша әлемге үлгі болып жатсыздар» деген сөздер қолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар