Түрік ғалымдар коронавирусқа қарсы шешім табу үшін жұмыстануда

Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

1376376
Түрік ғалымдар коронавирусқа қарсы шешім табу үшін жұмыстануда

Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияда коронавирустың жаңа түріне қарсы қолданылған алдын алу шараларына қоса ғалымдар мен зерттеушілердің эпидемияға шешім табу үшін жұмыстанғанын білдірді.

Алтун Твиттер әлеуметтік желісінен жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы басталған 2019 жылдың желтоқсан айынан бері Түркияда вирустың адамға жұғуының алдын алу үшін тығыз жұмыстанғандарын айтты. Ол эпидемияға қарсы төтеп беру үшін ең ықпалды шараларды қолданатындарын атап көрсетті.

«Қазірге дейін елімізде бір ғана оқиға тіркелді.  Науқас карантинге алынды және емі жалғасуда. Қолданылған шараларды түрік халқы және халықаралық қоғаммен бөлісіп отырмыз. Толығымен ашық болуды жалғастырамыз» деді ол.

Алтун ғалымдар мен зерттеушілердің эпидемияға шешім табу үшін жұмыстанғандарын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар