Түркия Италияға наразылық білдірді

Фоссальто муниципалитеті террор басшысына "құрметті қала азаматы" атағын берді.

1373317
Түркия Италияға наразылық білдірді

Италияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның басшысы Абдуллах Өджаланға «құрметті қала азаматы» атағын беруіне Түркия наразылық білдірді.

Сыртқы істер министрлігі: «Италияның Фоссальто муниципалитеті тарапынан террорист Абдуллах Өджаланға құрметті азаматтық берілуі – осы қандықол жендеттің қылмыстарын елемейтін, адам ұялатын бір оқиға» деп мәлімдеме жариялады.

Министрліктің мәлімдемесінде 40 мыңнан астам адамның өлтірілуіне жауапты,  есірткі және адам саудасы,  лас ақша ақтау,  балаларды алып қашыру және басқа да ұйымдасқан қылмыстар жасаған,  Еуропа Одағы террор тізімінде тіркелген PKK-ны заңды қылып көрсетудің пайдасы жоқтығы атап көрсетілді.

Бұл істердің терроризммен күрестің халықаралық ынтымақтастық рухына да қайшы екені атап көрсетілген мәлімдемеде: «Италияда кейбір жергілікті әкімшіліктердің осындай істері мен шешімдеріне орай Италия органдарынан террор ұйымына қарсы күресте ынтымақтасуды күтетімізді тағы бір рет білдіреміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар