Түркия бұдан кейін босқындардың кетуін тоспайды

Түркия босқындардың  Еуропа Одағы елдеріне өтуіне бұдан кейін кедергі болмайтынын мәлімдеді.

1370985
Түркия бұдан кейін босқындардың кетуін тоспайды

Түркия босқындардың  Еуропа Одағы елдеріне өтуіне бұдан кейін кедергі болмайтынын мәлімдеді.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтын өзінің twitter-парақшасында осы тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

Грекияның босқындар үшін уақытша қорғау мәртебесін бір шетке қойғанын еске салған Алтун «Грекияның шекаралардағы және Эгей теңізіндегі босқындарға қарсы қатыгез тұғыр ұстануы және сириялықтарға уақытша қорғау мәртебесін орындамауы Еуропаның өз құндылықтары мен принциптеріне қарсы шығудан басқа нәрсе емес. Осы құндылықтар жайлы бізге тағы да ақыл айтатын болса, онда бұларды еске саламыз» деді.

Түркияның Сириядағы көптеген химиялық қару базасын нысанаға алғанын түсіндірген Алтун «Бұл базалардың болуы халықаралық ұйымды осы уақытқа дейін алдап келгеннің бір дәлелі болып табылады. Барша әлем осы қандықол режимге қарсы нақтылы қадам басуы керек» деген сөздер қолданды.

Алтун мигрант дағдарысымен байланысты Еуропа Одағының Түркиямен бірге әрекет етпеудің салдарынан осы жағдайға душар болғанын атап өтті.

Алтун «Еуропа Одағы 2015 жылғы келісімді орындамады. Түркияны жалғыз тастады. Біздің босқындардың Еуропаға бет алуын тосатынымызды ойлады. Біз енді олай істемейміз. Еуропа осы дәуірдің ең маңызды мигрант дағдарысы тақырыбында атсалысқаны жөн. Мәселе баспана қалаған мыңдаған босқындардың кіруін тосумен шешілмейді. Кең көлемді шешім табу түйінінде Түркиямен бірге жұмыс істеу керек» деді.

Түркияның әрқашан бейуаз халықтың қасында болғанын баяндаған Алтун «Түркияның Идлибтегі операция мақсатының адамдық трагедияны доғару. Сонымен қатар осы операция арқылы Сирияның территория тұтастығын сақтау» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар