"Түркия әділ күресінен ешқашан бас тартпайды"

Президент Режеп Тайып Ердоған твиттерден мәлімдеме жасады.

1369264
"Түркия әділ күресінен ешқашан бас тартпайды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның әділ күресінен ешқашан бас тартпайтынын және шәйіттердің қанын жерде қалдырмайтындарын атап көрсетті.

Ердоған твиттерден жасаған мәлімдемеде Түркияның бүгіні мен болашағы тұрғысынан тарихи және маңызды бір күрес жүргізгенін мәлімдеді.

Нәтижесі кем дегенде 100 жыл бұрынғыдай үлкен болатын бір күрестен елдің және ұлттың мүдделерін қолғап, жеңіспен шығу үшін түні күні жұмыстануды жалғастырғандарын жеткізген Ердоған «Тарих бойынша шапқыншылықтар мен зұлымдықтарға ұшыраған бұл жағрапияда күрестен кері шегінген жағдайда, одан үлкен зардап шегетінімізді жақсы білеміз. Бұл үлкен күресті жалғастырғанда қандарымен бұл топырақты бізге отан қылған бүкіл шәйіттерімізге Алланың рақымын тілеймін. Зұлымдыққа қарсы жүргізген заңды күресті соңына дейін жалғастырамыз. Шәйіттік мәртебесі жай нәрсе емес. Түркия әділ күресінен ешқашан бас тартпайды және шәйіттердің қанын жерде қалдырмайды. Ешбір сатқындықты да ұмытпайды. Ұлтымыз бізді жалғыз қалдырмаған соң әрбір қиыншылықты шешеміз, елімізді қыспаққа алатындарын ойлағандарға тарихта ізі қалатындай сабақ береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар