Ердоған  мен Меркель  Идлибтегі оқиғаларды қолға алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен телефонда сөйлесті.

1368918
Ердоған  мен Меркель  Идлибтегі оқиғаларды қолға алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Меркель телефондағы әңгіме барысында Сирияның Идлиб аймағында болған соңғы оқиғалар, Сириядағы дағдарыс, аймақтық  ынтымақтастық және ортақ жұмыс істеу тақырыптары қолға алынды.

 Германия үкімет мәлімдемешісі Стеффан Сейберт те жасаған жазбаша мәлімдемесінде Меркель мен Ердоғанның телефонда Идлибтегі оқиғаларды талқылағандарын білдірді.

Стеффан Сейберт Ангела Меркельдің Идлиб және маңында шейіт болған әскерлер үшін көңіл айтқанын баяндады.

Сейберт мәлімдемесінде «Премьер-министр Меркель түрік әскерлеріне жасаған опасыз шабуылдарды айыптады және Сирия режимі мен қолдаушыларына шабуылды доғаруы жайлы үндеу тастады» деген сөздер қолданды.

Стеффан Сейберт сонымен қатар Меркельдің Идлибте қоныс аударғандарға гуманитарлық жәрдем беру тақырыбында Германия үкіметінің селбесетінін президент Ердоғанға жеткізгенін және уәде бергенін айтты.

 

 

 

 

"

 



Ұқсас жаңалықтар