АҚШ Түркияға көңіл айтты

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Сирияның Идлиб аймағындағы шейіттер үшін Түркияға көңіл айтты және қолдау жасайтынын білдірді.

1364253
АҚШ Түркияға көңіл айтты

АҚШ Түркияға көңіл айтты.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі Сирияның Идлиб аймағындағы шейіттер үшін Түркияға көңіл айтты және қолдау жасайтынын білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Түркия үкіметіне әскерлердің шейіт болуына орай көңіл айтамыз» деді.

Мәлімдемеде Түрік әскерлерінің дағдарысты азайту үшін Идлиб аймағында болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде былай делінді: «Мұндай жағдайда НАТО одақтасымыз Түркияның қасында боламыз. Президент Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткен апта сенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Трамп телефондағы әңгіме барысында Идлибке деген алаңдағанын жеткізді. Сонымен қатар Трамп телефондағы әңгімелерінде Ресейге Асад режиміне қолдауын доғаруы және Сириядағы соғысқа саяси бір шешім табуы үшін жасаған үндеуін қайталады».

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар