Ұлттық Қорғаныс министрі Анкарада журналисттермен бас қосты

Министр Хулуси Акар әрі Ливияда, әрі Сирияның Идлиб аймағында саяси шешімді қалағандарын атап көрсетті.

1341294
Ұлттық Қорғаныс министрі Анкарада журналисттермен бас қосты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның талпынысының әрі Ливияда, әрі Сирияның Идлиб аймағында саяси шешім арқылы бейбітшілік пен төгілген қанды тоқтатуды қамтамасыз ету екенін білдірді.

Анкарада баспасөз өкілдерімен бас қосқан Акар Ливияда атысты тоқтату ықтималы қалмағанын алға тартқандарға «Мұны айтуға әлі ерте. Бұл жайлы жұмыстар жалғасуда» деді.

Ливияда осыдан кейін Ресей президенті Владимир Путин мен жұмыс тобының жұмыстарды қорытуын күтетіндерін және орыстармен байланыста екендерін атап көрсеткен Акар Ливияда атысты тоқтатудың жойылғаны жайлы жасалған мәлімдемелердің болса майдандағы атысты тоқтату бітіміне кері әсер ете алмайтынын білдірді.

Хулуси Акар Германияның Берлин қаласында өтетін Ливия конференциясына қатысудың ауқымды болатыны, Ливиядағы тараптардың да конференцияда орын алатынын және нәтиже шығуын үміт еткендерін атап көрсетті.

Акар «Кешіксе де, Хафтердің Берлинде бір ойға келуін күтеміз. Мақсатымыз атысты тоқтатудың дереу күшіне енуі. Саяси шешімді жақтаймыз» деді.

Идлибтегі атысты тоқтату тақырыбына да тоқталған Акар режимнің аймақта шабуылдарды жалғастырғанын атап айтты.

Орыстармен қауіпсіз аймақ құру және халықтың сол жерде қысқы маусымды өткізуі үшін келіссөздер жүргізілгенін білдірген Акар Түркияның Идлибті бақылау аймағынан шегінуінің мүмкін емес екенін атап, «Аймақ құрал-жабдық, оқ-дәрі және көлік қолдауымен күшейтілді. Бұл тақырыпта саудаласуымыз мүмкін емес» деді.

Қорғаныс министрі Ирак парламентінің шетелдік күштердің жерінен шығу жайлы қабылдаған шешім аясында ресми түрде келген бір талап  немесе ақпарат болмағанын сөздеріне тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар