Президент Ердоған Сахак Машалянды қабылдады

Президенттік сарайдағы қабылдау баспасөзге жабық өтті.

1341023
Президент Ердоған Сахак Машалянды қабылдады
çavuşoğlu maşalyan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Түркия армяндарының жаңа сайланған 85-ші патриархы Сахак Машалянды қабылдады.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Анкарадағы қабылдаудың артынан твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде бұл міндеттің Түркия мен армян қоғамына құт әкелуін тілеп, «Көп мәдениетті және мейірімді бір ортада баршамыз еліміз үшін бірге жұмыстанамыз» деді.

Түркия армяндары 85-ші патриархы болып сайланған Машалян 11 қаңтар күні Стамбул Кумкапыдағы Мариям Ана шіркеуінде болып өткен рәсімде патриархтық тағына отырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар