Түрік азаматтарының мәйіттері Анкараға әкелінді

Сомалидің бас қаласы Могадишодағы террор шабуылында қаза тапқан екі түрік азаматы мен жаралы 16 сомалилік Түркияға әкелінді.

1331766
Түрік азаматтарының мәйіттері Анкараға әкелінді
somali saglik ekibi.jpg

Сомалидің бас қаласы Могадишодағы террор шабуылында қаза тапқан Туран Севи және Мехмет Капланның мәйіттері мен жаралы 16 сомалилік Түркияға әкелінді.

Бас қала Анкараға әкелінген 2 түрік азаматының мәйіті жанұяларына тапсыру үшін ауруханаға апарылды.

Жаралы сомалиліктер болса емделу үшін Анкараның бірнеше ауруханасына жатқызылды.

Ұшақты қарсы алу үшін әуежайға барған Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа осында жасаған мәлімдемеде дос және бауырлас ел Сомалидегі жарылысты айыптап өкінішті екенін білдірді.

Коджа Түрік Қарулы күштеріне тиесілі жедел құтқару ұшағын 20 адамнан тұратын денсаулық сақтау тобымен Сомалиге жібергендерін атап көрсетті.

Ұшақпен әкелінген сомалилік жаралылардың денсаулықтары жайлы мағлұмат берген Коджа 16 жаралыдан төртеуінің ауыр күйде екенін білдірді.

Сомалидің Анкарадағы елшілігі кеңесшісі Сүлейман Мұхаммед Карси болса жәрдемдері үшін Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді. Карси «Түркия бізге әр уақытта қолдау берді. Бауырластық қиын күнде белгілі болады. Түркия біздің бауырлас еліміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар