Венада түрік мәдениеті күндері басталды

1-ші Вена кітап және мәдениет күндері басталды.

1330166
Венада түрік мәдениеті күндері басталды

Австрияның бас қаласы Венада Австрия Түрік Ислам мәдениет және әлеуметтік ұйымшылдық одағы тарапынан ұйымдастырылған «1-ші Вена кітап және мәдениет күндері» басталды.

Мәдениет күндерінің беташарына Түркияның БҰҰ Вена кеңсесіндегі тұрақты өкілі Ахмет Мүхтар Гүн, Түркияның Австриядағы өкілетті елшілігінің кеңесшісі Өзгүр Гөкмен, Вена бас консулы Асип Кая,  Вена Дін қызметтер кеңесшісі Ибрахим Язар қатысты.

Кітап және мәдениет күндерінің беташарында сөз сөйлеген Австрия Түрік Ислам мәдениет және әлеуметтік ұйымшылдық одағы төрағасы Фатих Йылмаз шараның бес күнге жалғасатынын айтты.

Ол осы шарада түрік тілінде жарияланған кітаптардың оқырмандарға ұсынылғанын, әншілердің концерттерінің болатынын, көптеген жазушының да кездесу өткізетінін білдірді.

Мәдениет күндерінде түрік әдебиеті мен мәдениеті кеңінен таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар