Еуроодақ мүшелігі жайлы Әлиев шындықты айтты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Еуропа Одағы мүшелігі жайлы Түркияны жақтаған сөздер айтты.

1328580
Еуроодақ мүшелігі жайлы Әлиев шындықты айтты

Еуроодақ мүшелігі жайлы Әлиев шындықты айтты.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев кейбір бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің Еуропа Одағына алынуына қарамастан Түркияның мүшелігі үшін ұзақ жылдан бері күттіргенін «үлкен әділетсіздік» деп түсіндірді.

Ильхам Әлиев мемлекетіндегі ұлттық теледидар каналында Әзірбайжанның сыртқы саясаты, көрші елдермен жасаған жобалар және ішкі істер тақырыптарымен байланысты мәлімдеме жасап, 2019 жылын қорытындылады.

Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы және кейбір Еуропа Одағы лидерлерінің кеңеюге қарсы мәлімдемелерін еске салған Әлиев «Бауырлас Түркия мысалына бір қарайық. Көп жылдан бұрын Түркия  Еуропа Одағымен келісім жасады. Бір нәтиже шықты ма? Әрине жоқ. Бұл үлкен бір әділетсіздік болып табылады. Кейбір бұрынғы Кеңес Одағы елдері Еуропа Одағына кірді. Олар Түркиядан тіпті дамыған елдер ме еді? Емес. Олар Еуропа Одағына мүше болу үшін дайындық жасады ма? Әрине жоқ. Ондай болса оларды қабылдап, Түркияны неге қабылдамады? Бұның жауабы белгілі. Өйткені Түркия мұсылман бір ел. Қазір өздері бұны ашық-жарқын түрде айтуда. Бұдан бұрын сылтау айтушы еді, қазір жасырмауда. Мұсылман бір ел болғандықтан Түркияны Еуропа Одағына алмауда. Бұндай жағдайда Әзірбайжанды да қабылдамайды. Бізге кіріңдер десе де, біз кірмейміз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар