Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды

"БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі арасында біреуінің де халқы мұсылман емес".

1313473
Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі құрылымын сынға алды.

Стамбул конгресс орталығында ұйымдастырылған 35-ші Ислам Конференциясы ұйымы Экономикалық және Сауда ынтымақтастығы тұрақты комитеті (ISEDAK) саммиті Министрлер отырысының  ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында «Зардап шеккендерге шара таба алмаған бір БҰҰ адамзаттың мәселелеріне шешім таба алмайды» деген президент Ердоған «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі арасында біреуінің де халқы мұсылман емес. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары негізін қалаған бұл әділетсіз жүйені жалғастыру мүмкін емес. Халықаралық қауіпсіздік сәулетін қазіргі шарттарға сәйкес қайтадан реттелуі міндетке айналды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі құрылымы әлем тұрғын санының жағрафиялық және діни таралымы назарға алынып, қайтадан белгілену керек» делінді.

Ердоған баяндамасында сондай-ақ Албанияда кешегі жер сілкінісінің артынан «жәрдемге дайынбыз» деп хабарлама жасады.

Ислам әлемін Албанияға қолдау беруге шақырған президент «Жер сілкінісі жайлы хабарды алған соң кеше кешкі уақытта Албания премьер-министрі Эди Рамаға телефон шалып, жағдайды сұрадым. Афад пен Түрік қызыл жарты ай қоғамы топтарымыз және ұшақпен жедел түрде жіберілген қажетті материалдардың бір бөлігі Албанияға ұласты. Жәрдем керуені де Албанияға қарай аттанды. Сіздер арқылы бұл жерден барлық Ислам әлемін Албанияға қолдау беруге шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар