Бас штаб бұрынғы төрағасы Яшар Бүйүканыт дүниеден озды

Түрік Қарулы күштерінің 25-ші Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Яшар Бүйүканыт дүниеден озды.

1309845
Бас штаб бұрынғы төрағасы Яшар Бүйүканыт дүниеден озды

Денсаулығының нашарлауына байланысты бірақ уақыттан бері ауруханада ем қабылдап жатқан Бүйүканыт азанғы уақытта дүниеге көз жұмды.

79 жаста дүниеден өткен Бүйүканыттың жұбайы Филиз Бүйүканыт болса 4 күн бұрын қайтыс болған еді.

Яшар Бүйүканыт денсаулығының нашарлауы себепті жаназа рәсіміне қатыса алмаған еді.

Президент Режеп Тайып Ердоған қайтыс болған Бас штаб бұрынғы төрағасы генерал Яшар Бүйүканыттың туыс-тамырларына телефон шалып, көңіл айтты.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Бүйүканытқа Алланың рақымшылығын тілеп, отбасы мүшелеріне көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар