Тел Абяд аудан орталығы YPG/PKK террористерінен құтқарылды

Евфрат өзенінің шығысындағы Тел Абяд аудан орталығы YPG/PKK террористерінен құтқарылып, басқаруға алынды.

1287269
Тел Абяд аудан орталығы YPG/PKK террористерінен құтқарылды

Түрік Қарулы Күштері бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясында Евфрат өзенінің шығысындағы Тел Абяд аудан орталығы YPG/PKK террористерінен құтқарылып, басқаруға алынды.

Түркияның оңтүстік шекарасында қалыптастыру жоспарланған террор дәлізін жою, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатымен Түрік Қарулы Күштері  тарапынан Сирияның солтүстігінде YPG/PKK мен ДАИШ террористік ұйымдарына қарсы басталған және Сирия Ұлттық армиясының әскерлері қолдау берген Бейбітшілік бұлағы операциясы табыспен жалғасып жатыр.

Аудан орталығындағы пошта ғимаратына паналаған террористермен қақтығыстар жалғасуда.

Тел Абяд операция арқылы Расулайннан кейін құтқарылған екінші аудан орталығы болды. 

9 қазанда бабсталған операцияда қазірге дейін 2 аудан орталығы, 1 қалашық, 56 ауыл террористерден құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар