"Түркия нақты іс күтеді"

Столтенберг: "Түркия барлығымыз үшін маңызды бір күрестің алғы шебінде тұр» деді.

1286364
"Түркия нақты іс күтеді"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның бүгінге дейін болғаны секілді бұдан былай да террорлық ұйымдарды бөле жармай күрес жүргізетінін айтты.

Чавушоғлу Түркияға сапармен келген НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті.

Стамбулда Президенттік кеңседе болған оңаша кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслхаты ұйымдастырылды. Министр «Түркия ретінде бүгінге дейін террорлық ұйымдарды бөле жармай барлығымен күрестік, күресті жалғастырамыз» деді.

Сирияның солтүстігіндегі террорлық құрылымдарға қарсы бағытталған Бейбітшілік бұлағы операциясы жөнінде министр: «Аталмыш операция НАТО-ның оңтүстік шығыс шекарасын қалыптастырған ұлттық шекарамыздың арғы жағынан туындаған террор қаупін жою мақсатында басталды және осы тұрғыдан одақтың жерінің қауіпсіздігі үшін өте маңызды» деді.

Чавушоғлу қауіпсіздіктің бөлшектенбейтіні принцибі шеңберінде одақтастардың да Түркиямен ұйымшылдық көрсетуінің ең табиғи және ең заңды іс екенін атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу: «Түркияның орынды және заңды уайымдарын түсінеміз» деу жеткілікті емес.  Нақты іс көргіміз келеді» деді.

«Сирияда бұдан бұрын жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы кезінде террорлық ұйымның лас үгіт-насихатының іске аспағанын көріп едік.  Сонымен бірге Евфрат қалқаны операциясында ДАИШ-пен күрескен кезде де ДАИШ-тіктердің қара үгіт-насихатын көрдік.  Бейбіт азаматтар тақырыбында, гуманитарлық тақырыпта әлемде ешкім Түркияға сабақ бере алмайды» деді министр.

Министр: «Түркияның уайымы заңды болса, осы уайымға себеп болған террорлық ұйымдармен күресу де заңды құқығымыз.  Түркия дипломатия және келіссөз жолын аяғына дейін қолданды» деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг те Түркияның НАТО одақтастығының мықты мүшесі екенін білдіріп: «НАТО мүшелерінің ешбірі Түркия секілді Таяу Шығыстан келген шабуылдарға душар болмады» деді.

Столтенберг жалғасып жатқан операция жөнінде министр Чавушоғлумен талқылағандарын айтты.

Ол ДАИШ-пен күресте Түркияның үлесіне назар аударды. «НАТО одақтасы Түркияны қолдауын жалғастырады. Түркия барлығымыз үшін маңызды бір күрестің алғы шебінде тұр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар