10-шы Түркия Инвестиция конференциясына қатысты

Ердоған сауда соғыстарының белгісіздікті арттырып, даму жолындағы ел экономикаласына ауыр шығын келтіргенін атап көрсетті.

1276773
10-шы Түркия Инвестиция конференциясына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының алдымыздағы кезеңде қабылдануы жоспарланған шаралардан Түркияны босатуын күтетіндерін айтты.

Президент Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы шеңберінде Нью-Йорк қаласында Түркия-АҚШ Бизнес кеңесінің 10-шы Түркия Инвестиция конференциясына қатысты.

Жиналыстағы екі ел инвесторларының Түркия мен АҚШ арасындағы байланыстарды нығайту үшін көп еңбек сіңіргенін білдірген Ердоған осы еңбектің екі елге де пайдалы болатынын айтты.

Ердоған сауда соғыстарының белгісіздікті арттырып, даму жолындағы ел экономикаласына ауыр шығын келтіргенін атап көрсетті.

«Әлемнің ең ірі екі экономикасының (АҚШ-Қытай) жауапкершілікпен қозғалатынына сенеміз.  Келіспеушіліктер Бүкіләлемдік сауда ұйымының ережелері шеңберінде қысқа уақытта шешіледі деп үміттенеміз» деді ол.

Америка Құрама Штаттарының Түркия ең көп экспорт жасаған бесінші және ең көп иморт жасаған төртінші ел екенін тілге тиек еткен президент: «Сауданы нығайтқысы келетін елдер арасына кедергі қоймайды. АҚШ-тың кейбір шараларын қайта қолға алуын және алып тастауын қалаймыз.  Әсіресе болат және алюминий экспортымызға бағытталған қосымша салықтар мен Кеңейтілген таңдаулар жүйесінен шығарылуымыз секілді шешімдерден кері қайту керек. Осы тақырыпта көптеген елге келтірілген жеңілдіктерден Түркия да пайдалануы қажет.  Айырықша АҚШ-тың алдағы уақытқа жоспарланған шараларынан Түркияның босатылуын күтеміз. Біз – стратегиялық серікпіз» деді.

Фетуллахшы террор ұйымымен күресті де жалғастыратындарын білдірген президент Ердоған: «Тапсырылған айғақтарға қарамастан ФЕТО басшысының Пенсильванияда өмір сүруін жалғастыруы түрік ұлты мен шейіттердің отбасыларына үлкен жара.  Демократия мен еркіндіктер тақырыбында бірінші болып сөз сөйлейтін бір ел АҚШ-тың демократияға қарсы төңкеріс жасауға талпынғандарға құшақ ашуы – үлкен қарама-қайшылық» деді.



Ұқсас жаңалықтар