«Кыран-2» операциясы басталды

Мардин, Шырнак және Батманда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталып «Кыран-2» операциясы басталды.

1259776
«Кыран-2» операциясы басталды

Мардин, Шырнак және Батманда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталып «Кыран-2» операциясы басталды.

Қауіпсіздік күштерінің ортақтығымен Мардин, Шырнак және Батман маңында басталған «Кыран-2» операциясын Жандармерия бас қолбасшысы, армия генералы Ариф Четин мен Полиция бас директоры Мехмет Акташ Мардиннің Мидят ауданында басқаруда.

Диярбакыр жандармерия аймақтық қолбасшысы, генерал Халис Зафер Коч операция басшысы ретінде алаңда қызмет атқаруда.

Операция бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерін ұстау және залалсыздандыру, олар қолданған баспана, бекініс пен қоймаларды анықтап жою үшін ұйымдастырылды.  Операция шеңберінде 3 қалада жандармерия арнайы жасақтары,  полиция арнайы жасақтары және қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 117 оперативтік команда міндет атқаруда.



Ұқсас жаңалықтар