Түркия Ауғанстандағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстандағы 32 кісі қаза тапқан бомбалы шабуылды айыптап, Ауғанстан халқына көңіл айту тілегін жеткізді.

1245765
Түркия Ауғанстандағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстандағы жолаушы автобусына жасалған және 32 кісі қаза тапқан бомбалы шабуылды айыптап, Ауғанстан халқына көңіл айту тілегін жеткізді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ауғанстанның Герат уәлаятында бір жолаушы автобусына жасалған шабуылда көптеген кісінің қаза тапқанына және жараланғанына деген ауыр қайғырғымыз жеткізілді. 

Ауғанстанда сайлау компаниясы басталған және бейбітшілік процесі талпыныстары ілгерлеген бір кезеңде террорлық лаңкестіктердің артуы алаң туғызғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Аталмыш террорлық лаңкестікті ай"ыптаймыз, шабуылда қаза тапқандарға Алла иман берсін, дос Ауғанстан үкіметіне және бауырлас ауған халқына шынайы көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шифа тілейміз" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар