Президент Ердоғанның 15 шілде бағдарламасы

Президент 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің 3 жылдығына орай Анкара мен Стамбулдағы рәсімдерге қатысады.

1234177
Президент Ердоғанның 15 шілде бағдарламасы

Анкарадағы алғашқы рәсім президенттік сарайда ұйымдастырылады. Ердоған төңкерісшілерге қарсы шығып шәйіт болғандар үшін салынған 15 шілде шәйіттер ескерткішіндегі рәсімде мыңдаған адамға үн қатады.

Президент пен қасындағы делегация кейін Миллиет мешітіндегі мәуліт бағдарламасы мен төңкеріс күні бомбаланған Мәжілісте жүзеге асатын рәсімдерге қатысады.

Президент Ердоғанның кейінгі аялдамасы Анкара қалалық полиция дирекциясы болмақ. 15 шілде күні түңгі уақытта сатқындар нысанаға алған Анкара қалалық полиция дирекциясының жаңадан салынған ғимаратының ашылу рәсіміне қатысады.

Ердоған кейін Стамбулға өтеді. Төңкеріске қарсы көтерілістің символдарының бірі ретінде Ататүрік әуежайында халыққа үн қатады. Кейін 15 шілде күнгі шәйіттер көпірінде салынған «15 шілде жад мұражайын» ашады.



Ұқсас жаңалықтар