АҚШ-тың жаңа тағайындаған өкілетті елшісі Анкараға келді

АҚШ 1,5 жылдан кейін Анкараға жаңа өкілетті елші ретінде Дэвид Саттерфиелдті тағайындады.

1233935
АҚШ-тың жаңа тағайындаған өкілетті елшісі Анкараға келді

Өкілетті елші Саттерфиелдті Анкараға келген кезде АҚШ-тың Анкарадағы елшілік кеңесшісі Джеффри М.Ховениер қарсы алды.

АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілігінің ресми твиттер парақшасынан «АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшісі ретінде тағайындалған Дэвид М. Саттерфиелдтің бүгінен бастап Анкарада екенін қуанышпен білдіреміз. Түркияға қош келдіңіздер!» деп мәлімдеме жасалды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы міндетке келуінің артынан Түркияда міндет мерзімін аяқтаған АҚШ-тың Өкілетті елшісі Джон Бассты Ауғанстанға өкілетті елші ретінде тағайындаған еді.

Басстың Анкарадан кетуінің артынан шамамен 1,5 жыл АҚШ Түркияға өкілетті елші тағайындамаған болатын.

Трамп 1,5 жылдың артынан 16 ақпан күні Сенатқа АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілісі ретінде Саттерфиелдті ұсынды.

АҚШ Сенаты болса 28 маусым күні Саттерфиелдтің міндетке тағайындау шешімін бекітті.



Ұқсас жаңалықтар