Ұлттық Қорғаныс министрі грек әріптесімен бас қосты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Брюссельде және грек әріптесі Апосталакиспен бас қосты.

1225893
Ұлттық Қорғаныс министрі грек әріптесімен бас қосты
akar-stoltenberg.jpg

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және Грекия Қорғаныс министрі Эвангелос Апосталакис НАТО штаб пәтерінде бас қосты.

Кездесуде екі ел министрліктері арасында Афины мен Анкарада жүзеге асқан сенім арттыратын шаралардан бастап, Эгей теңізінде ынтымақтастық жетілдіру мақсатты жүргізілген делегациялар арасы жиналыстарға ризашылық тілге тиек етілді. Аталмыш жиналыстардың жақсы көршілік қарым-қатынастары аясында жалғастырудың маңыздылығына назар аударылды.

Министр Акар тараптардың мәселелерді игі көршілік қарым-қатынастары аясында бейбітшіл және достық аясында халықаралық құқыққа сәйкес шешу, Эгей теңізі мен Жерорта теңізінде ұлттық мүдделерден бас тартпай және провокациялық мәлімдемелер мен әрекеттерден бас тарту керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар