Түркия Ресейден «S-400» жүйесіy сатып алуда табанды

Мевлүт Чавушоғлу «S 400» жүйесі тақырыбында «ешбір елдің Түркияға 'ал немесе алма' деуге құқығы жоқ» деді.

1224921
Түркия Ресейден «S-400» жүйесіy сатып алуда табанды

АҚШ-тың барлық қысымына қарамастан Түркия Ресейден «S-400» әуе қорғаныс және зымыран қорғаныс жүйесі сатып алуда табанды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «S400» жүйесімен байланысты «ешбір елдің Түркияға ал немесе алма деуге құқығы жоқ» деді.

Чавушоғлу АҚШ-тың «S-400» жүйесімен байланысты ұстанымын түсінудің қиын екенін атап көрсетті. Қандай санкция жасалса да, «S-400» жүйесінің сатып алынғанын мәлімдеді. «Біз S-400 жүйесін сатып алдық. Қазір Түркияға қашан әкелінетіні тақырыбын қарастырудамыз» деді.

Руанда Сыртқы істер министрі Сезиберамен ортақ баспасөз жиналысы өткізген Чавушоғлу «F35» соғыс ұшағы бағдарламасында орын алған елдердің АҚШ-тың ұстанымын қолдамағанын және осыған мазасызданғанына назар аударды. АҚШ басқан осы қадамның ортақтық келісімі мен заңдарға қарама-қайшы екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар