Президент Ердоған өнер қайраткерлері және спортшылармен бас қосты

Ердоған елдің өнері мен спортына қосқан үлесі үшін өнер қайраткерлері және спортшыларға алғысын білдірді.

1208277
Президент Ердоған өнер қайраткерлері және спортшылармен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Долмабахче сарайында өнер қайраткерлері және ұлттық спортшылармен бас қосты.

Ердоған елдің өнері мен спортына қосқан үлесі үшін өнер қайраткерлері және спортшыларға алғысын білдірді.

Мәдениет, өнер және спорттың ұлттардың ортақ құндылықтары екенін атап көрсеткен Ердоған мәдениет, өнер қайраткерлері мен спортшылар ортаға қойған туындылар және табыстардың оларды бүкіл ұлттық тұлға қылғанын атап көрсетті.

Сол үшін өнер қайраткерлері мен спортшыларды әрдайым құрметтеп, абыройларын көтеруге, мүмкіншіліктерін арттыруға талпынғандарын мәлімдеген Ердоған мәдени іс-шараларға мемлекеттік қолдаудың 2002 жылмен салыстырғанда 50 есе артқанын, тек қана фильм саласына берілген жәрдем көлемінің 40 есе өскенін білдірді.

Түркияның замандас опера стандарттарындағы ғимараттың Президенттік конгресс және Мәдениет орталығы екенін атап көрсеткен Ердоған Таксимде Стамбулдың даңқына жарасатын бір опера мен мәдениет орталығы салғандарын еске салды.

Ердоған «Жоспарлағандай болса 2021 жылы Таксимде бұрынғы атымен Ататүрік Мәдениет орталығын иншалла опера ғимараты ретінде қайта салып үлгереміз» деді.

Спортшылар үшін аса маңызды қолдау мен инфрақұрылым қызметін іске асырғандарын атап көрсеткен Ердоған қазір Түркияның спорт кешені саны тұрғысынан мақтаулы бір деңгейге ұласқанын, лицензиялы спортшы санының болса 280 мыңнан 9 миллионға ұласқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар