Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының делегациясы Сирияға барды

Ерен: "Террордан тазаланған осы аймақтарда жоғары білім алу тақырыбын бақылау, түрікмен бауырластармен және басқа да ағайын қауымдастықтармен бас қосуға келдік".

1202011
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының делегациясы Сирияға барды
ytb firat kalkani1.jpg

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен және қасындағы делегация Сирияның солтүстігіндегі террордан тазаланған Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операциясы аймағына сапарлай барды.

Делегация Килистің қарсы алдындағы Сирия территориясындағы Азез, Джераблус, Баб және Чобанбей аймақтарындағы білім беру жұмыстарын зерттеді, жергілікті университеттерді аралады. 

Делегация Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы тарапынан Чобанбейде Африн операциясының алғашқы шәйіті Мұса Өзалканның өсиетіне сай жасалған мәдениет орталығында ұйымдастырылған ауызашарда жетім балалармен және аймақ халқымен бас қосты.

Сириядағы ішкі соғысқа орай оқуларын тоқтатуға мәжбүр қалған көптеген жастың академиялық дамуына есе қосу мақсатымен Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының көптеген жұмыстар жүргізіп жатқанын айтқан төраға Ерен аталмыш жастардың Сирияның қайтадан құрылуына маңызды үлес қосатынын жеткізді.

Төраға Ерен:

"Түркияда сириялықтардың жоғарғы білім алуына байланысты жауапкершілікті басқармамыз мойнына алып отыр. Олардың білім алуына көмектесіп жатырмыз. Террордан тазаланған осы аймақтарда жоғары білім алу тақырыбын бақылау, түрікмен бауырластармен және басқа да ағайын қауымдастықтармен бас қосуға келдік" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар