Алтун террор ұйымы басшысының адвокаттарымен кездесуін бағалады

«Біздің көзқарасымыз және ойымыз өзгермейді».

1196824
Алтун террор ұйымы басшысының адвокаттарымен кездесуін бағалады

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун бөлшектеуші террор ұйымы PKK лидері қамаулы болған түрмеден адвокаттары арқылы YPG-ге берген тапсырмасының Түркияның PKK мен YPG және (Сирия Демократиялық Күштері) SDG арасында байланыс болғаны пікірін күшейткенін атап көрсетті.

Алтун PKK террор ұйымы басшысының адвокаттарымен кездесуін бағалады.

Террор ұйымы басшысының адвокаттарымен процедураға сәйкес кездескенін атап айтқан Алтун «Біздің көзқарасымыз және ойымыз өзгермейді» деп террор ұйымымен қайтадан бір шешім процесі болмайтынын білдірді.

АҚШ «SDG» деп атаған Сириядағы YPG/PYD ұйымының PKK террор ұйымымен байланысына тоқталған Фахреттин Алтун «Террор ұйымы басшысының YPG-ге байланыс жасап тікелей тапсырма беруі Түркияның PKK мен YPG және SDG арасында байланыс болғаны пікірін күшейтуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар