Жаңа Зелендиядағы шабуылда жараланған Зекерия Туян қайтыс болды

Жаңа Зеландиядағы террорлық шабуылда ауыр жарақат алған түрік азаматы қайтыс болды.

1194054
Жаңа Зелендиядағы шабуылда жараланған Зекерия Туян қайтыс болды

Жаңа Зеландиядағы террорлық шабуылда ауыр жарақат алған түрік азаматы Зекерия Туян қайтыс болды.

Крайстчерч қаласындағы Нұр мешітіне 15 наурызда ұйымдастырылған террорлық шабуылда аяғынан және арқасынан тиген екі оқпен ауыр жараланған Туянның бүгінгі бір операциядан кейін қайтыс болғаны білдірілді.

Ағасының қазасына қайғырып отырғандарын білдірген інісі Яхия Туян:

"Бүгін операция жасалған. Қанды тоқтата алмағандықтан ағамыздан айылдық. Біз тәуір болып қалды деп қуанып едік. 50 күннен бері емделді, дәрігерлер де қолынан келгенді істеді" деді.

Екі баласы бар Зекерия Туянға емдеу шипа болмады.

Жаңа Зелендиядағы мешіттерге 15 наурызда жасалған террорлық шабуылдарда 50 кісі қаза тапқан, 50 кісі жараланған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар