Ердоған еңбекшілердің Халықаралық ынтымақтастық күнімен құттықтады

«Маңдайдың терімен еліміздің өсіп, өркендеуіне еңбек еткен жұмысшы бауырларымызды құттықтаймын».

1192575
Ердоған еңбекшілердің Халықаралық ынтымақтастық күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 1 мамыр Халықаралық ынтымақтастық күніне орай құттықтау жариялады.

Ердоған «Маңдайдың терімен еліміздің өсіп, өркендеуіне еңбек еткен жұмысшы бауырларымызды 1 мамыр Халықаралық ынтымақтастық күнімен құттықтаймын» деді.

Халықаралық қоғамда жұмысшы мен еңбекшілердің бірлік пен ынтымақтастық күнінің әділ түрде жұмыс істейтін шарттарды қамтамасыз етуге үлес қосуын тілеген Ердоған «Міндетке келген күннен бері жұмысшылар мен еңбекшілеріміздің мәселелеріне әрқашан шынайылықпен шешім табуға тырыстық. Жұмыспен қамдауды арттыру, жұмыссыздар санын азайту үшін көптеген шараны, бағдарламаны іске қостық. Осы түсінікпен еңбекшілеріміз еңбекақыларынан әлеуметтік құқықтарына дейін әр салада маңызды жетістіктерге қол жеткізді» деді.

Еңбекшілердің демократиялық жолдармен тілге тиек еткен барлық талаптарды назарға алып, барлық мемлекеттік мекемелермен, кәсіподақтарымен, азаматтық қоғам мекемелерімен, жұмысшылардың мәселелерін шешу және өмір салттарын жақсарту тақырыптарында бірге жұмыс істегендерін атап көрсеткен Ердоған «Еңбекші бауырларымыздың өндірісші күшін қолданып, құқықтарын демократиялық платформаларда тілге тиек етуі, мәселелерге келіссөз арқылы шешім табуды қамтамасыз ететін алғашқы қадам. 1 мамыр Халықаралық ынтымақтастық күнін провокацияға айналдырудан аулақ тойлануын тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар