Түркия мен Иран арасында шекара қауіпсіздігі келісімі

Келісімге Түркия атынан Ван қаласы губернаторы Эмин Билмез және Иран атынан губернатор орынбасары Сейид Мұхаммед Абиди қол қойды.

1191524
Түркия мен Иран арасында шекара қауіпсіздігі келісімі

Ван қаласында Түркия мен Иран арасында шекара қауіпсіздігі тақырыбында келісімге қол қойылды.

Келісімге губернатор Эмин Билмез және Иранның Батыс Әзірбайжан бас губернатор орынбасары және Хой қаласы қолбасшысы Сеййид Мұхаммед Абиди қол қойды.

Губернатор Билмез осында жасаған мәлімдемеде екі күнге жалғасқан келіссөздерде екі елге қарсы әрекет жасаған террор ұйымдары, заңсыз мигранттар, қылмыстық топтар, есірткі және контрабандамен күрес, шекара қауіпсіздігінің арттырылуы тақырыптарына қоса шекара саудасындағы тапшылықтар, мәдени іс-шаралар сияқты тақырыптарда көзқарас алмасылғанын білдірді.

Өзара қарым-қатынастар қаншама күшейсе, екі елдің одан көп табысқа қол жеткізетініне назар аударған Билмез осы жиналыстар арқылы екі қала арасында өзара жақын ынтымақтастық пен сенімнің артатынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар