Ердоған Дональд Трамппен телефонда сөйлесті

Сириядағы оқиғалар да талқыланған кеңесте екі басшы террормен күресте жақын ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

1192169
Ердоған Дональд Трамппен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.

Ердоған мен Трамптың телефондағы әңгімесінде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер қолға алынды. 75 миллиард долларлық сауда нысанасы қайталай бекемделді.

Сириядағы оқиғалар да талқыланған кеңесте екі басшы террормен күресте жақын ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Ердоған телефондағы кеңесте Түркияның Ресейден S-400 қорғаныс жүйесін алуына байланысты жұмыс тобын құру ұсынысын күнтәртіпке әкелді.

Президент Ердоған сонымен бірге, сенбі күні Сан-Диегодағы бір синагога жасалған қарулы шабуылды айыптап, Трамп арқылы АҚШ халқына көңіл айтты. 

Сан-Диегода бір синагога жасалған қарулы шабуылда 1 кісі қаза тапқан, 3 кісі жараланған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар