Чавушоғлу АҚШ-тың мұнай импорты шешіміне наразылық көрсетті

Чавушоғлу: "АҚШ-тың Ираннан мұнай импорт ету шектемесін босату шешімін жоюы аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет көрсетпейді" деді.

1188220
Чавушоғлу АҚШ-тың мұнай импорты шешіміне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Ираннан мұнай импорт ету шектемесін босату шешімін жоюының аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет көрсетпейтінін хабарлады.

Америка Құрама Штаттары арасында Түркия да бар 8 елге берілген Ираннан мұнай импорт ету еркіндігін тоқтатпақ.

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Ираннан мұнай импорт ететін елдерге бағытталған эмбаргоны тоқтату шешімін мамыр айында уақыты толғаннан кейін жаңаламауға шешім қабылдағанын жариялады. 

Тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасаған Чавушоғлу,

"Америка Құрама Штаттарының Ираннан мұнай импорт ету шектемесін босату шешімін жоюы аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет көрсетпейді және Иран халқына зиян салады. Тек тарапты эмбарголарды және көршілерімізбен қалай байланыс жасайтынымызға бағытталған қысымдарды қабыл алмаймыз" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар