Калын АҚШ-тың Түркияға қарсы санкция сөйлемдерін сынға алды

Калын: АҚШ-тың Түркиядан айырылып қалғысы келгеніне сенбеймін.

1183987
Калын АҚШ-тың Түркияға қарсы санкция сөйлемдерін сынға алды

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция сөйлемдерінің кері әсер ететініне сенемін» деді.

«АҚШ-тың Түркиядан айырылып қалғысы келгеніне сенбеймін» деді ол.

Ибрахим Калын АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда Түркия-АҚШ әскери кеңесі мен Американ-түрік кеңесі ортақ ұйымдастырған 37-ші жылдық конференцияға қатысты.

Осындағы арнайы бір отырыста екі ел ынтымақтастығын бағалаған Калын осы тақырыптың келешегі үшін үмітті болу керектігін атап көрсетті.

Калын «АҚШ-тың Түркия тақырыбында санкция сөйлемдері кері әсер ететін бір ұстаным. Біздің АҚШ-пен көптеген салада маңызды ынтымақтастығымыз бар. Осы қорқыту мен санкция сөйлемдерін жалғастыратын болсаңыз, осы мақсаттарға қалай жетпекпіз?» деп сұрады.

Түркия-АҚШ ынтымақтастығында ең маңызды мәселелердің бірінің АҚШ-тың Сириядағы (бөлшектеуші террор ұйымы) YPG/PKK-ға берген қолдауы екенін түсіндірген Калын «Түркия жерінде PKK-ға қарсы өте мықты және табысты бір күрес жүргізілген бір кезеңде Сирияда YPG/PKK-ға берілген кезкелген бір қолдау тікелей немесе жанамалы түрде PKK-ға берілген бір қолдау» деді.

Ибрахим Калын 2016 жылы 15 шілде күні төңкеріс әрекетін ұйымдастырған Фетуллахшы террор ұйымы басшысының қазір де Түркия-АҚШ ынтымақтастығын бұзу үшін талпынғанын тілге тиек етті.

Калын Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тұғырына қатысты «Түркия-Ресей ынтымақтастығы үшінші бір елге ешқашан қауіп төндірмейді. Ресей аймағымыздағы маңызды бір ортақ және көптеген тақырыпта аймақтық ынтымақтастығымыз жалғасуда. Бірақ біз НАТО одақтасы бір елміз, АҚШ және НАТО-мен стратегиялық ортақтыққа қатты көңіл бөлеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар