Түркияда жергілікті сайлау басталды

Түркия 5 жыл бойынша міндет атқаратын жергілікті басшыларын сайлауда.

1173771
Түркияда жергілікті сайлау басталды

Бүгінгі  жергілікті сайлауда шамамен 57 миллион сайлаушы 194 мың 390 сандықта дауыс беруде.

Жоғары Сайлау Кеңесі шешімімен Әділет және даму партиясы, Тәуелсіз Түркия партиясы, Ұлы бірлік партиясы, Республикашыл халық партиясы, Демократ партия, Демократиялық солшыл партия, Халықтардың демократия партиясы, İYİ партия, Ұлтшыл қозғалыс партиясы, Саадет партиясы, Түркия коммунисттік партиясы және Отан партиясы сайлауға қатысады.

Азаматтардың жергілікті сайлау аясында дауыс беретіндері орындар сайлауға дайындалды.

Дауыстар қолданылатын залдардағы сандықтар қызметкерлер тарапынан дайындалды, кабинеттер құрылды.

Азаматтар бүгін «Муниципалитет басшылары», «қала әкімдері», «Қалалық әкімшіліктердің мәжіліс мүшелерін» және «ауыл мен аудан басшыларын» сайлау үшін дауыс береді.

Дауыс беру жұмыстары 07.00-16.00 болған шығыс қалаларында Түркия уақытымен 16.00, басқа қалаларда болса жергілікті уақытпен сағат 17.00-ден кейін дауыстар санаққа алынады.

Дауыс беру күні радиолар және әртүрлі трансляция мекемелерінен сайлау және қорытындылары жайлы хабар, болжам немесе пайым жасауға тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар