Голан төбелері-Сирия территориясы

Чавушоғлұ Голан төбелері жөнінде араб елдеріне наразылық көрсетті.

1170990
Голан төбелері-Сирия территориясы

Голан төбелері-Сирия территориясы.

Чавушоғлұ Голан төбелері жөнінде араб елдеріне наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың Сирияға тиесілі Голан төбелерінің Израиль территориясы екенін алға тартқан қаулыға қол қоюына үнсіз қалған араб елдеріне наразылық көрсетті.

Трамптың шешіміне алғаш рет қарсы шыққан елдің Түркия болғанын еске салған министр Чавушоғлұ «Сирияның Голан төбелерін жаулаушы Израиль территориясы ретінде таныған қаулыға АҚШ Президентінің қол қойғанына қарсы аймақтағы араб елдері неге үнсіз қалды? Алғашқы наразылықты кім көрсетті? Түркия көрсетті. Еуропа Одағының өзі наразылық көрсетуде. Кейбір араб елдері АҚШ және Израильден қорыққандықтан үн шығармауда» деді.

Дональд Трамп 52 жылдан бері жаулау астындағы Голан төбелері туралы Израильдің егемендігін таныған президенттік қаулысына кеше қол қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар