Түркия емдік сарысу өндіреді

Бұл туралы ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанак мәлім етті.

1158027
Түркия емдік сарысу өндіреді

Түркия құтыруға қарсы алғашқы сарысуын өндіреді.

Бұл туралы ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанак мәлім етті.  Варанк Ескишехир қаласында елдің беделді іскер әйелдерінен тұратын «40 періште инвестор» құрған ALBİLA Сарысу биологиялық өнімдер компаниясының базасын аралады.

Министр осында Ескишехир Османгази Университеті маманы Фиген Чалышкан жетілдірген шаян және жылан шағып улануға қарсы өндірілген сарысуларға инвестиция салынғанын айтты. «Жылдың аяғында Түркияның құтыруға қарсы сарысуы өндіріледі.  Осы арқылы Түркияның он миллиондаған долларлық импортын да азайтамыз» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар