Анкарада Әзірбайжан тағамдары күндері

Әзірбайжанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілігі «Әзірбайжан тағамдары күндерін» ұйымдастырды.

1156912
Анкарада Әзірбайжан тағамдары күндері

Әзірбайжанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілігі «Әзірбайжан тағамдары күндерін» ұйымдастырды.

Анкарада болған шараға Әзірбайжанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Хазар Ибрахим, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Джемил Чичек, Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Шуай Алпай, шетелдік миссия басшылары қатысты.

Өкілетті елші Түркияның Әзірбайжан үшін жат ел еместігін атап көрсетті.  «Бір апта бойы тек әзірбайжандық аспаздардың қолынан ұлттық тағамдардың дәмін татып қана қоймайсыздар,  сонымен бірге Әзірбайжан мәдениетімен де танысасыздар.  Әзірбайжан мәдениеті,  тағамы және музыкасы сіздерге ұнайды деп сенемін» деді елші.

Шарада әзірбайжандық аспаздар Мирвовсим Дадашов пен Турал Байрамов дайындаған тағам қонақтарға ұсынылды.

Әзірбайжан тағамдары күндері жексенбі күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар