Анкара мен Вашингтон арасында Сирия кездесулері жалғасуда

АҚШ-тың ИПГ/ПКК-ға берген қаруларын қалай қайтарып алатыны да жиналыстың күн тәртіптері арасында орын алуда.

1155368
Анкара мен Вашингтон арасында Сирия кездесулері жалғасуда

Анкара мен Вашингтон арасында Америка Құрама Штаттарының Сириядан әскерін шегіндіру процесін басқару мақсатымен құрылған міндет күші астана Анкарадағы кездесулерін жалғастыруда. 

АҚШ-тың Евфрат өзенінің шығысындағы террориторияларда, батыстағы Манбидж ауданынан әскерлерін шегіндіруі жоспарлары бағаландырылған жиналыс екінші күнінде де жалғасуда.

Құрылатын қауіпсіз аймақтың жағдайы мен АҚШ-тың бөлшектеуші террористік ұйымдар ИПГ/ПКК-ға берген қаруларын қалай қайтарып алатыны да жиналыстың күн тәртіптері арасында орын алуда.  

АҚШ-тың әскери базалардан шегінуінен кейін бұл жерлердің террористердің қолына түсуін қаламаған Түркия әскери базалардың жойылуын немесе Түркия армиясына берілуін талап етуде.

Түрік делегациясы АҚШ-тық әріптестеріне Вашингтонның Анкараның қауіпсіздік сезімталдығы аясында ортақ келісімге келмей тұрып шегінген жағдайда, заңды түрде өзін қорғау құқын сақтап қалатынын білдіруде. 

Түркияның солтүстік шығыс Сирияға байланысты жобалары ИПГ/ПКК  террорлық ұйымдарының шекараның кемінде 30-40 километр оңтүстігіне шегінуі және бұл жерлерге қайта келмеуін қамтамасыз ететін әскери шаралар жасауды дәріптейді.

Мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тың басшылары Түрік әріптестеріне соңғы кездесулерінде шегіну жұмыстарының жаздың басына дейін аяқталатынын, алайда, жергілікті шарттарға сай, күн тізбенің өзгеруі мүмкін екенін айтқан.

АҚШ-тың қазірдің өзінде Сирияда екі мыңнан астам әскері бар.



Ұқсас жаңалықтар