Түркия Малиге көңіл айтты

Малидің Коро қаласында бір мәйіттің ішіне қойылған бомбаның жарылуы салдарынан 17 адам қаза тапты.

1154660
Түркия Малиге көңіл айтты

Түркия Малидің Коро қаласы маңында ұйымдастырылған террорлық лаңкестікті айыптады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде, Малидің Коро қаласы маңында болған террорлық шабуылда көптеген адамның қаза болуы және жаралануына қатты қайғырғанымыз білдірілді.

Мәлімдемеде "Бұл заңсыз шабуылды айыптаймыз, бауырлас Мали халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамыз. Қаза тапқандарға Алладан иман және жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді.

Малидің Коро қаласында бір мәйіттің ішіне қойылған бомбаның жарылуы салдарынан 17 адам қаза тапты.

Малидің солтүстік және орта аймақтары 2012 жылдан бері бөлшектеуші қақтығыстар мен террорлық шабуылдарға сахна болып келеді. Әрі Францияның "Баркхане операциялары" атымен Малиде міндетке жолдаған 4 мың әскері, әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекшілігінде құрылған 15 мың адамдық бейбітшілік күші БҰҰ Мали Көп қырлы ентегре күші қазірге дейін амандықты сақтауда табысты бола алмады.

 



Ұқсас жаңалықтар