«Түркия-Ауғанстан Одақтастық Келісімінің» 98-ші жылдығы тойланды

«Түркия-Ауғанстан Одақтастық Келісімінің» 98-ші жылдығы Кабулда тойланды.

1154711
«Түркия-Ауғанстан Одақтастық Келісімінің» 98-ші жылдығы тойланды

«Түркия-Ауғанстан Одақтастық Келісімінің» 98-ші жылдығы Кабулда тойланды.

Түркия мен Ауғанстан арасында 1921 жылы 1 наурызда қол қойылған «Түркия-Ауғанстан Одақтастық Келісімінің» 98-ші жылдығы Ауғанстанның астанасы Кабулда ұйымдастырылған қонақасымен тойланды.

Құттықтау рәсімінде сөз сөйлеген Түркияның Кабулдағы өкілетті және төтенше елшісі Оғұзхан Етругрул Ауғанстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың көне тарихқа барып тірелгенін айтты.

Ертугрул Түркия мен Ауғанстан достығына тоқталып, «Одақтастық келісімінің жылдығын тойлап отырмыз. Бұл күн Түркия мен Ауғанстан достығы және бауырластығының маңыздылығын еске салу үшін өте маңызды» деді.

Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Насыр Ахмад Андисе де екі ел арасында дін, тіл және мәдениет байланысының өте қою екенін түсіндірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар