Түркия Еуропа елдерін айыптады

Түркия Еуропаның әртүрлі қалаларында террор ұйымы PKK-ның терроризмді насихаттау іспеттес шерулеріне берген рұқсаты үшін айыптады.

1153223
Түркия Еуропа елдерін айыптады

Сыртқы істер министрлігі PKK террор ұйымы жақтаушыларының Еуропаның әртүрлі елдерінде террор ұйымы басшысының фотосуреттерін қолдана отырып ұйымдастырылған шерулер жайлы мәлімдеме жасады.

Еуропалық лауазымдыларға алдын ала тиісті ескертудің жасалғаны және шерулердің қақтығыс күшіне назар аударылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Соңғы рет PKK жақтастарының Францияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Агора ғимараты алдында 2019 жылы 25 ақпан күні жасалған және қақтығысқа барған шерулерде PKK-ның нағыз беті тағы бір рет көрінді» делінді.

Терроризмді насихаттау ерекшелігіне ұқсас мұндай шерулерге рұқсат берілуі айыпталған мәлімдемеде «Еуропада кейбір орталар мен баспасөздің PKK шерулерінің ‘күрд активисттер’ тарапынан ұйымдастырылғаны жөніндегі мәлімдемелері уайымдарды арттырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар