Чад президенті Анкараға келді

Чад президенті Идри́с Деби́ Итно́ президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.

1153460
Чад президенті Анкараға келді

Чад президенті Идри́с Деби́ Итно́ президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.

Анкарада алдымен Ататүріктің мавзолейіне барған Чад президенті Итноға ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой серік болды.

Қасындағы делегациямен бірге Чад президенті Ататүріктің мавзолейіне гүл шоқтарын қойып,  үнсіз еске алды.

Чад президенті Итно мен президент Ердоған арасындағы кездесулерде екі жақты қарым-қатынастар жан-жақты қолға алынады, түрлі салада ынтымақтастықты жетілдіретін мүмкіндіктер талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар