Пәкістан премьер-министрі Түркияда

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.

1118885
Пәкістан премьер-министрі Түркияда

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келген Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Мәулана мұражайын аралады.

Имран Ханды Кония әуежайында Кония губернаторы Орхан Топрак және қатысты лауазым иелері қарсы алды.

Одан кейін делегациялармен бірге Мәулана мұражайына барған қонақ премьер-министр бұл жерде Әзірет Мәулананың қабірінде дұға қылды.

Премьер-министр Имран Хан мұражайдан шыққанда журналисттерге мәлімдеме жасады. Имран Хан жасаған мәлімдемесінде Әзірет Мәулананың кітаптары мен шығармаларын оқығанын айтты. Қонақ премьер-министр «Пәкістанның идеологиясының құрушысы Мұхаммед Икбалдың идеологиялық жетекшісі Мәулана Джелаледдин Румиді қаншама жақсы көретінін білесіздер. Мәулана Джелаледдин Руми үйіміздің аты болып табылады. Мен бір Мәулана маманы емеспін, бірақ кітаптарын көп оқыдым» деді.



Ұқсас жаңалықтар