Пәкістан премьер-министрі Анкарада

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Ататүрік ескерткіші Аныткабирді зиярат етті.

1119362
Пәкістан премьер-министрі Анкарада

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Ататүрік ескерткіші Аныткабирді зиярат етті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келген Пәкістан премьер-министрі Имран Хан  Кониядан кейін ел астанасы Анкараға келді.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Ататүрік ескерткіші Аныткабирді зиярат етіп, гүл шоқтарын қойды және  құрмет білдірді. Имран Хан  Аныткабирдегі арнайы дәптерге қол таңбасын қалдырды. Хан арнайы дәптерге «Бұл жерде 20-шы ғасырдың ең ұлы мемлекет қайраткері және данышпан лидері Гази Мұстафа Кемал Ататүрікке құрмет көрсету мен үшін үлкен абырой. Ататүрік ең қиын жағдайда түрік халқына жол көрсетті. Ұлы көсем Түрік халқына басшылық етіп түрік және әлем тарихын өзгертті. Жалпы әлем бойынша бодандыққа қарсы күрескендерге шабыт берді. Ататүрік батылдықтың, батырлықтың, кең пейілділіктің және білімділіктің нақтылы бір үлгісі еді. Пәкістанның құрушысы Мұхамед Али Джиннах Гази Мұстафа Кемалды тарихтағы ең ұлы көсемнің бірі деген болатын. Мен Пәкістан үкіметі және халқы атынан Гази Мұстафа Кемалға ең үлкен құрметімді білдіремін» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар