АҚШ делегациясы келеді

Кездесулер Фетуллахшы террор ұйымына байланысты жүргізіледі.

1117722
АҚШ делегациясы келеді

Америка Құрама Штаттарының делегациясы Фетуллахшы террор ұйымына бағытталған тергеуді талқылау мақсатымен ертең Түркияға келеді.

Делегация құрамында Федералдық тергеу кеңсесі FBI лауазымдылары да бар.  АҚШ делегациясы Сыртқы істер, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің лауазым иелерімен бас қосады.

Кездесулерде Америка Құрама Штаттарында Фетуллахшы террор ұйымына байланысты жүргізілген тергеулер қолға алынады.  АҚШ делегациясының осы тақырыпта түрік лауазым иелеріне мәлімет беруі күтілуде.

Делегация кездесулерін 4 қаңтар күні де жалғастырады.

Әділет министрі Абдулхамит Гүл өткен аптада АҚШ делегациясының Түркияға келетінін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар