АҚШ делегациясы FETÖ үшін Түркияға келеді

Түркия ұсынған жаңа дәлелдердің артынан 3 - 4 қаңтар күндері АҚШ делегациясы Анкараға келетінін мәлімдеді.

1116812
АҚШ делегациясы FETÖ үшін Түркияға келеді

АҚШ-тық лауазымдылардан құралған бір делегация Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) байланысты Түркияның АҚШ-қа ұсынған жаңа дәлелдер тақырыбындағы жаңалықтарды қолға алу мақсатты 3 - 4 қаңтар күндері арасында Анкараға келеді.

Келіссөздерде FETÖ басшысы Фетуллах Гүлен мен оған бағыныштылардың 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіндегі жауапкершіліктерін ортаға қою АҚШ тарапының қозғалуын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.

Анкара бас прокуратурасы төңкеріс әрекетінің имамдары ретінде белгілі Адил Өксүз, Кемал Батмаз, Хакан Чичек, Харун Биниш және Нуреттин Оручтың аталмыш жылы қаңтар, наурыз және маусым айлары ішінде АҚШ-та екені анықталған болатын.

Аталмыш тұлғалардың Фетуллах Гүленмен бірге төңкеріс әрекетінің алдында жиналғаны дәлелденді.

Төңкеріс әрекетінің артынан Акынджы әскери әуе базасынан қашып жатқан кезде ұсталған Хакан Чичек қолданған телефон іздестіру жұмыстары барысында айдалада табылды.

12 адамнан тұратын арнайы бір топ тарапынан телефоннан құтқарылған сандық ақпараттарда телефонның қай жерде қолданылғаны анықталған еді.

Чичекке тиесілі АҚШ-қа тиесілі ГСМ (Global System for Mobile Communications) желісінің алғаш рет 2016 жылы 7 наурыз күні FETÖ басшысы Фетуллах Гүлен тұрған Пенсильваниядағы үйінде қолданылғаны анықталды.

Телефон қосылғаннан бастап тіркелген локациялық ақпараттың жері анықталды.

Түрік лауазымдылар АҚШ-тық әріптестерімен барлық сандық белгілерді 2018 жылы 13 шілде күні болып өткен жиналыста бөлісіп, FETÖ-нің төңкеріс әрекетіндегі ролін дәлелдеді.

АҚШ-тықтар ақпараттарды алып өз бағалаударын жасады.

Анкарада 3-4 қаңтар күні Сыртқы істер және Ішкі істер министрлігіне қоса Әділет министрлігі лауазымдыларының қатысуымен жүзеге асатын жиналыста АҚШ-тың жаңа дәлелдерге қатысты бағалауы түсіндірілмек.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің халық арасындағы имамдарының бірі ретінде Хакан Чичектің аппараты іске қосылған соң қолданушының есімі мен парольін ұмытпау үшін «LivePhoto» әдісімен жазылған бір қағаздыңда фотосуретін түсіргені ортаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар