Трамп және Ердоған телефонмен әңгімелесті

Трамп: Ердоғанмен кеңейтілген сауда тақырыбын қолға қозғадық.

1112154
Трамп және Ердоған телефонмен әңгімелесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефонда ұзақ уақыт және табысты бір әңгіме жасағандарын жариялады.

Әңгіме барысында террор ұйымы ДАИШ-пен күрес тақырыбын Ердоғанмен қолға алғандарын атап көрсеткен Трамп әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде «Түркия Республикасы президенті Ердоғанмен жаңа ғана телефонмен табысты түрде ұзақ уақыт әңгімелестім. Екі жақты ынтымақтастығын, террор ұйымы ДАИШ және Сирия мен АҚШ әскерлерінің осы елден жайлап шегінуін қолға алдық. Ұзақ уақыттың артынан  үйге оралады» деді.

Трамп мәлімдемесінде «Ердоғанмен кеңейтілген сауда тақырыбын қолға қозғадық» деген сөздер орын алды.

Әңгіме жайлы президент Ердоғаннан да бір мәлімдеме келді.

Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен Сириядағы жаңалықтарға қоса «бірдей қозғалу қабілетін арттыру тақырыбында келіскендерін» білдірді.

Президент әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Трамппен сауда ынтымақтастығымыздан Сириядағы жаңалықтарға дейін көптеген тақырыпта бірдей қозғалу қабілетімізді арттыруға келістік» деді.

Ердоған әңгіменің екі ел мен аймақ үшін құт әкелуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар