Түркия мен Парагвай лидерлері ортақ мәлімдеме жасады

Президент Ердоған мен Парагвай президенті Бенитез екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды арттыруға шешім қабылдады.

1099198
Түркия мен Парагвай лидерлері ортақ мәлімдеме жасады

Екі басшы Асунсьондағы тарихи Лопес сарайында оңаша және делегация аралық кездесудің артынан ортақ жазбаша баспасөз мәлімдемесі жасады.

Мәлімдемеде Парагвай мемлекет басшысы Бенитез түңғыш рет бір түрік президенттің Парагвайға ресми сапармен келуінің маңызды екеніне назар аударды.

Мәлімдемеде "Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды күшету және осы аяда Анкара мен Асунсьонда екі жақты дипломатиялық өкілеттіктер ашу тақырыптарын қолға алды. Түркия Республикасының Парагвай үкіметі алдындағы алғашқы өкілетті елшісі ретінде Армаған Инджи Эрсойдың тағайындалуымен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жетілуіне ризашылықтар білдірілді" делінді.

Мәлімдемеде «Оқу, мәдениет, ғылым және технология, жастар мен спорт салалары жөнінде ынтымақтастық келісімі» мен «Дипломатиялық білім берумен байланысты ынтымақтастыққа қатысты хаттама» мәтіндерін қысқа уақыттың ішінде бекіту және екі жақты сауда-саттық қарым-қатынастарды тереңдету тақырыбына қоса инвестицияларды екі жақты арттырудың маңыздылығына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар