Путин мен Меркель Аргентинада бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Аргентинада Сирия тақырыбын қолға алды.

1098925
Путин мен Меркель Аргентинада бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Аргентинадағы Үлкен жиырмалық елдері басшылар саммиті аясында бас қосып, Сирия тақырыбын қолға алды.

Кремль мәлімдемешісі Димитрий Песков жасаған мәлімдемеге қарағанда Путин мен Меркель Сирия тақырыбын егжей-тегжейлі қолға алды.

Мәлімдемеде «Стамбулда ұйымдастырылған төрттік саммит пен Астана форматы келіссөздер негізінде Атазаңы комитетін құру жұмыстары жалғасуда» делінді.

Сирия Атазаң комитетін құру жөніндегі талпыныстарды ‘абай’ түрде болымды көзқараспен бағалағандарын атап көрсеткен Песков «Жұмыстар жалғасуда. Сирия атазаңы комитетінің қысқа уақытта қалыптасып, барлық өкілдердің келісетіні жайлы үміттіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар