Түркия мен Катар шынайы дос

Ердоған Түркия мен Катардың шынайы дос екенінің талай рет дәлелденгенін айтты.

1096046
Түркия мен Катар шынайы дос
al sani-erdogan1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Катардың шынайы дос екенінің талай рет дәлелденгенін айтты.

Түркия-Катар жоғарғы деңгейдегі стратегиялық комитетінің төртінші жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі шейх Тамин бин Хамад әл-Санидің қатысуымен Стамбулда өткізілді.

Жиналыста көз сөйлеген Ердоған «Катарлық бауырларымыз алдымен екінші үйіңізге хош келдіңіз. Дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың 40-шы жылдығын тойлаудамыз. Мұндай кезеңде ынтымақтастығымыздың жеткен жоғарғы деңгейдегі белестеріне қуанамыз» деді.

«Шынайы дос қиыншылық шеккен кезде белгілі болады» деген Ердоған екі елдің қиын күндерде бір-бірлерімен селбескенін және ынтымақтастық жасағандарын атап өтті.

Жиналыстан кейін екі ел арасында қатынас, мәдениет, сауда және экономика сынды бірқатар салада екі елдің қатысты министрлері  стратегиялық ынтымақтастық хаттамаларға қол қойды.

        



Ұқсас жаңалықтар